24
апрель
2025
📚✨ ҰЛТТЫҚ КІТАП КҮНІ – ОҚУҒА, ОЙЛАУҒА, ӨРКЕНИЕТКЕ ЖОЛ! ✨📚
"Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі" КММ .
Бүгін – Ұлттық кітап күні! Бұл күн – руханияттың, білім мен мәдениеттің символына айналған кітаптың қадірін ұғынатын, оның қоғамдағы орнын атап өтетін ерекше күн.
📖 Кітап – ақылдың кілті,
📖 Кітап – өткен мен болашақты жалғаушы көпір,
📖 Кітап – ұлттың жады, ұрпақтың мұрасы.
Оқыған ел – озық ел. Кітапты сүйген ұрпақ – болашақтың тірегі. Осыған орай лицейімізде ұлттық өнерді ұлықтаған абзал жан, "Қызыма хат", "Таңда туған тілек" тағы басқа кітаптардың авторы Нұрия Сейітбекқызымен кездесу өтті. Кездесуге 5-9 сынып оқушылары, ұстаздар қатысты. Автор ұлттық кітап күнімен құттықтай отыра, кітап оқудың маңыздылығы мен кітап жазудың қиындығы туралы айтып берді. Сонымен қатар қойылған сұрақтарға жауап беріп, құнды пікір білдірген оқырмандарға кітаптарын сыйға тартты. Лицей директоры Жаңыл Қайырбекқызы лицей ұжымы атынан алғыс білдіріп, шығармашылық табыстар тіледі.
#ҰлттықКітапКүні