21
февраль
2025
20.02.2025ж. күні Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі» коммуналдық мемле
Семинардың негізгі мақсаты:
Мұғалімнің кәсіби міндеттерін тиімді орындау үшін қажет білім, дағдылар мен құндылықтардың жиынтығының артуы. Құзыретті мұғалім оқушылардың дене дайындығын арттыруға, олардың жеке қабілеттерін дамытуға және қоғамда сұранысқа ие, бәсекеге қабілетті маман болуға көмектесуі.
Бағдарлама негізінде:
1. ҒПК «Ұлттық спорт ойындары арқылы оқушылардың креативтілік белсенділіктерін қалыптастыру» тақырыбында ТІМ және дене шынықтыру пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші – Мухажанова М.А. іс тәжірибесімен бөлісті.
2. «Дене шынықтыру сабағындағы негізгі бес дене қуаты қасиетін дамыту» тақырыбында дене шынықтыру мұғалімі, педагог-модератор – Тоқтарбай С.А.
іс тәжірибесімен бөлісті.
3. «Спорт - қызыққа толы өмір» атты Куиз интеллектуалдық ойыны өткізілді.
Жауапты: Тоқтаубаев Ж.М.
Камбаров Ж.Е.
4. «Дене шынықтыру сабағындағы негізгі бес дене қуаты қасиетін дамыту» тақырыбында «Жас қыран» эстафеталық сайысы өткізілді.
Жауапты: Мұқашев М.С.
Тоқтарбай С.А.
Қорытынды:
Семинар барысында дене шынықтыру мұғалімдері өз тәжірибелерімен бөлісіп, кәсіби даму бағытында жаңа әдіс-тәсілдермен танысты. Бұл семинарда мұғалімдер мен оқушылардың дене шынықтыру саласындағы дағдыларын арттыруға бағытталған пайдалы әрі қызықты семинар болды. Мұндай іс-шаралар білім беру саласында ұстаздардың білімін жетілдіруге, оқушыларға сапалы білім мен тәрбие беруге үлкен ықпал етеді. Семинар жұмысын талқылау және қорытындылау барысында, қатысушылар семинардың өзектілігін және тәжірибелік мәнін жоғары бағалап, өз тәжірибелерімен бөліскен әріптестеріне ризашылықтарын білдірді.
Семинар жетекшісі: директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, педагог-мастер - Садыкова Н.А.