17
февраль
2025
Дамыту пәндері шығармашылық онкүндігі аясында 6-«Г» сыныбында көркем еңбек пәнінен «Бөлшектерді біріктіру және безендіру» тақырыбында ашық сабақ өтт
«Оралхан Бөкей атындағы 44 лицей» КММ
Сабақ барысында оқушылар түрлі бөлшектерді қолдана отырып, арнайы матадан іс мәшинесімен алжапқыш тігуді үйренді. Топтық және жеке жұмыс түрлерінде оқушылар өздерінің көркемдік талғамын жетілдіріп, бөлшектерді үйлесімді түрде біріктірудің әдістерін меңгерді. Сабақтың басты ерекшелігі – оқушылардың шығармашылық қабілеттерін толықтай іске асыруға мүмкіндік беру болды. Сабақта қолданылған әдіс-тәсілдер оқушылардың іс тігуге деген қызығушылығын арттырып, олардың өзіндік ойлау, көркемдік қабылдау және шығармашылық тұрғыдан шешім қабылдау дағдыларын нығайтты.
Көркем еңбек пәні мұғалімі: Молдашева Б.А.
Көркем еңбек пәні мұғалімі: Молдашева Б.А.