Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
"Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7232) 57-03-13
Есепші бөлімі:
+7(7232) 74-12-12
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 4 “В” сыныбында 2024-2025 оқу жылының І жартыжылдық қорытындысы бойынша ата-аналар жиналысы өтті. Ата-аналар жиналысқа толықтай қатысты және біздің с
28
январь
2025

4 “В” сыныбында 2024-2025 оқу жылының І жартыжылдық қорытындысы бойынша ата-аналар жиналысы өтті. Ата-аналар жиналысқа толықтай қатысты және біздің с

“Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі” КММ


Мен өз басым жиналысқа қалмай барамын және ерекше ықыласпен қатысамын. Себебі маған лицейдегі жиналыстың өту форматы ұнайды және лицей тәрбие жұмысына қатты назар аударады.
Жиналыстың басында сынып жетекшісі К.Садыкова ата-аналарды ынтымақтастыққа, ауызбіршілікке бағыттайтын жаттығу жұмыстарын жасатты. Барлығымыз бір серпіліп, көңіл-күйіміз көтеріліп қалды.
Жиналыстың негізгі бағыты: “Ұлдың ұяты - әкеге, қыздың ұяты - шешеге”, яғни ұл мен қыз баланың тәрбиесіндегі ерекшеліктерге арналды. Осы тақырып бойынша Мұхамед пен Маликаның анасы тәрбиедегі ерекшеліктерді ашып көрсетіп, өз тәжірибелерімен бөлісті. Ер балалар мен қыздардың ата-аналары “қызыл және көк” болып топқа бөлініп, жұмыс жасады. Қолдағы бар құралдармен ер және қыз балалардың қасиеттерін ашып көрсететін, сипаттайтын бір көрнекілік жасау керек болды. Қыздардың ата-аналары “Қыз - өссе елдің - көркі, гүл өссе - жердің көркі” демекші, қыз баланың бейнесін нәзік гүл формасында бейнелеп сипаттап берді. Ал ер балалардың ата-аналары ұлдарды аспанда қалықтап ұшқан азаттық пен қайсарлықтың символы қыран құс бейнесінде сомдады.
Айарудың анасы “Бала қауіпсіздігі - қоғам келешегі” тақырыбында интерактивті талқылау өткізді. Бұл тақырыпта қызу талқы болып, ата-аналар өз ойларымен кеңінен бөлісті.
Жалпы менің ойымша, осындай форматтағы жиналыстар мектеп пен ата-аналар арасындағы тығыз байланыс пен түсіністікті дамытуға, ата-аналардың өз ойларымен, тәжірибелерімен бөлісуге үлкен ықпал етеді. Барлық ата-аналарға, соның ішінде, арнайы дайындалып келген аналарымызға белсенділік танытып, ортақ мақсатқа жетуде бірлескен жұмысымыз үшін алғыс айтамыз!

Ата-аналар комитеті атынан: Айжан Масенова
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив