10
январь
2025
30 желтоқсан күні лицейімізде педагогикалық кеңес өтті. Кеңес барысында білім беру мен тәрбие жұмыстарының өзекті мәселелері талқыланып, маңызды шеші
“Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі” КММ
Күн тәртібі:
1. «Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталықтары - Біртұтас тәрбие бағдарламасының бір қыры»
Мухажанова М.А. ата-аналармен бірлескен жұмыстың маңыздылығына тоқталып, ата-аналарды педагогикалық қолдау орталықтарының рөлін түсіндірді. Бұл орталықтардың қызметі ата-аналар мен мұғалімдер арасындағы ынтымақтастықты арттыруға бағытталған.
2. «Қауіпсіздік сабақтары» - әр баланың өзін қауіпсіз сезінуінің алғышарты
Князбаева М.Б. оқушылардың физикалық және психологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ұсыныстарын ортаға салды. Қауіпсіздік сабақтары арқылы балаларға өздерін қорғау және қауіпсіздік ережелерін ұстану мәдениетін үйрету қажеттілігі айтылды.
3. “Біртұтас тәрбие” бағдарламасының құндылықтарын сабақта біріктіру
Қалиолла Г. сабақтарда тәрбиелік құндылықтарды тиімді енгізу жолдарын ұсынды. Әр пәннің мазмұны арқылы құндылықтарды оқушыларға жеткізуге арналған әдістер талқыланды.
4. «Біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде 6 құндылық бойынша жұмыстар»
Ерімбекова Ж. бағдарламаның негізгі құндылықтары – адамгершілік, патриотизм, еңбекқорлық, рухани даму, шығармашылық және жауапкершілік бойынша жүргізілген жұмыстарды баяндады. Оқушылардың тұлғалық дамуына бағытталған жобалардың нәтижелері көрсетілді.
5. Кері байланыс: «Мишень» әдісі
Жунусова А.Б. «Мишень» әдісі арқылы педагогикалық процесті талдау тәсілін ұсынды. Бұл әдіс мұғалімдерге оқушылар мен ата-аналардың пікірін жинақтауға және жұмыстың тиімділігін бағалауға мүмкіндік береді.
Қорытынды:
Кеңесте талқыланған мәселелер тәрбие жұмыстарының сапасын арттыруға, оқушылардың қауіпсіз және үйлесімді ортада білім алуына, сондай-ақ ата-аналармен байланысты нығайтуға бағытталды. Әр қатысушы өз тәжірибесімен бөлісіп, жаңа идеяларды іске асыру жолдарын белгіледі.
Педагогикалық кеңес жемісті өтті және оның нәтижелері лицейіміздің білім беру сапасын одан әрі арттыруға ықпал етеді.
#birtutas_tarbie