Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
"Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7232) 57-03-13
Есепші бөлімі:
+7(7232) 74-12-12
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 16 желтоқсан-ұлық мереке. Қазақ жастарының қанымен келген бұл мерекенің салмағы тым ауыр. Жас ұрпақ бұл мерекені кие тұтуы керек.
10
декабрь
2024

16 желтоқсан-ұлық мереке. Қазақ жастарының қанымен келген бұл мерекенің салмағы тым ауыр. Жас ұрпақ бұл мерекені кие тұтуы керек.

«Оралхан Бөкей атындағы 44лицейі» КММ
09.12.2024ж
Осы мақсатта лицейімізде атаулы мерекеге орай тәрбие сағаттары өтуде. 5-сыныптар да бүгін «16 желтоқсан-Тәуелсіздік
күні» атты тәрбие сағатын өткізді.
Мақсаты: оқушыларға Қазақстанның тәуелсіздік тарихын таныстырып, оның мәні мен маңызын түсіндіру. Сабақ арқылы патриоттық сезімді оятып, Отанға деген сүйіспеншілікті қалыптастыру, елдің мемлекеттік рәміздері мен ұлттық құндылықтарына құрмет көрсетуге баулу.
Сабақта оқушылар ел жетістіктері мен болашағы туралы ой бөлісіп, тарихи тұлғалардың ерлігін үлгі ету арқылы ұлттық рух пен жауапкершілік сезімін дамытты. Тәуелсіздік туралы білімдерін кеңейту арқылы елдің тұрақтылығы мен бірлігінің маңызын түсініп, болашаққа сенімдерін арттырады.Тәрбие сағатында ұйымдастыру сәтінен бастап тәуелсіздік жайлы ақпарат беруге бағытталған түрлі әдіс-тәсілдер қолданылды. Сабақтың басында оқушыларды сабаққа қызықтыру және ынталандыру мақсатында сұрақ-жауап арқылы олардың тәуелсіздік туралы бастапқы білімдері тексерілді. Сабақ барысында бейнематериалдар мен көрнекіліктерді пайдалану оқушылардың назарын тақырыпқа аударуға ықпал етті.
Шығармашылық жұмыс кезінде оқушылар топтарға бөлініп, тәуелсіздікке қатысты өлеңдер, суреттер, постерлер жасай отырып, шығармашылықтарын көрсетті.
Дайындаған: 5-сынып жетекшілері.
#біртұтас_тәрбие#
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив