03
октябрь
2024
Құрметті ұстаздар, сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймын!
"Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі" КММ
Қоғам мен адамзат алдындағы өлшеусіз еңбектеріңізді ескере отырып, Сіздерге өскелең ұрпақ тәрбиелеудегі абыройлы істеріңізге табыс тілеймін.
Осы орайда өзімнің алғашқы ұстазым, лицейіміздің басшысы Жаңыл Қайырбекқызын ерекше атап өткім келеді. Бойындағы қайсар мінезі мен адал еңбегінің арқасында, саналы да талапты ұрпақ тәрбиелеп отырған ұлағатты ұстазымды алғашқы болып құттықтауды жөн көрдім.
Құрметті Жаңыл Қайырбекқызы, Сізді келе жатқан кәсіби мерекеңізбен құттықтаймын! Мені ең алғаш 1-сыныпқа жетелеп, сонымен қатар ұстаздық еңбек жолымды бастауда да алғаш қолдау көрсеткеніңіз үшін сізге алғысым шексіз! Сіздің берген тәрбиеңізді сіңіріп, сізден алған білімімнің арқасында қазіргі таңда ұстаздық жолында еңбек етудемін. Мерекеңіз құтты болсын, еңбегіңіз жемісті болып, ақылды да талапты шәкірттеріңіз көп болсын деп тілеймін!
Ағылшын тілі пәні мұғалімі: Орынбасарова А.Н.