05
сентябрь
2024
А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында "Жас кәсіпкер" жобасының алғашқы маусымы сәтті аяқталды.
«Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі” КММ
А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында "Жас кәсіпкер" жобасының алғашқы маусымы сәтті аяқталды.
28 сәуір -29 тамыз аралығында Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейінің 9 «Б» сынып оқушысы Қасенов Әли және 7 «В» сынып оқушысы Қасенов Назар «Жас кәсіпкер» курсына қатысып оң нәтижеге жетті.
Төрт айдың ішінде оқушылар «Табысқа жету үшін не істеу керек?» деген сауалға жауап ретінде қажетті білім мен дағдыларды игере отырып, бизнес әлеміне еніп кетті.
Жобаның мақсаты - жас қатысушыларға кәсіпкерлік туралы базалық білім беріп, кәсіпкерлерге тән ойлауға үйрету.
Курс соңынан қатысушылар өз идеяларын, шығармашылықтары мен алған білімдері мен дағдыларын көрсетіп "Менің болашақ мамандығым" тақырыбында жобаларын қорғап, «Оқы және дамы» жазғы академиясына қатысқанын растайтын сертификаттар мен естелік сыйлықтарға ие болды.
«Жас кәсіпкер» жобасын сәтті жүзеге асырған «ICE» халықаралық білім беру Орталығының директоры, э.ғ.д., Халықаралық ақпараттандыру Академиясының академигі, MBA, стратегиялық жаттықтырушы, бизнес-тренер - Елена Анатольевна Колос.
«Жас кәсіпкер» жобасы жай ғана жазғы клуб емес, болашаққа инвестиция.
Сонымен келесі оқу жобасы А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында 8-қыркүйектен басталады. Мекен-жайы: Қазақстан к-сі 102, тел. +77052821127
БӘРІ ТЕГІН! Тек кітапхананың тұрақты оқырман билеті қажет.
Жобаға қатысқан мектеп оқушылары тек білім ғана емес, сонымен қатар болашақ өмірде және мансапта одан әрі табысқа жетуге мотивация алады.
Сынып жетекшілері: Имашбаев С.М., Оранбасарова А.Н.