Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
"Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7232) 57-03-13
Есепші бөлімі:
+7(7232) 74-12-12
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Білім беру процесінде жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды қолдану" аймақтық пәндік интеративтік алаңы болып өтті
16
август
2024

"Білім беру процесінде жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды қолдану" аймақтық пәндік интеративтік алаңы болып өтті

"Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі" КММ

Лицейімізде 2024 жылдың 15 тамызында облыстық педагог қызметкерлердің тамыз кеңесі шеңберіндегі "Білім беру процесінде жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды қолдану" аймақтық пәндік интеративтік алаңы болып өтті. "БІРТҰТАС ТӘРБИЕ" бағдарламасы: жаңартылған мазмұны және енгізу алгоритмі" тақырыбындағы оқыту семинарына облыстың білім беру мекемелірінің директорлары мен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты. Семинар барысында білім беру ұйымдарында жайлы физикалық оқу ортасын қамтамасыз ету және өзара сыйластық пен тілектестік қарым-қатынас орнату, білім беру процесінің барлық қатысушылары үшін этикалық нормаларды белгілеу, инклюзивті ортаны құру сияқты тақырыптар төңірегінде сөз қозғалды. Сонымен қатар құндылықтарды енгізу мақсатындағы "Ұшқыр ой алаңы", "Шабыт", "Балалар кітапханасы", "SMART BALA" сияқты әлеуметтік жобалар мен іс-шаралар таныстырылып, тақырыптық күнтізбесі көрсетілді.
ҚР Президенті Қасымжомарт Кемелұлының Ұлттық құрылтайда сөйлеген сөзіне сәйкес қазіргі қоғамда кездесетін мәселелердің шешу жолдары ұсынылып, тәрбие парадигмасын жаңарту бойынша ұсыныстар талқыланды. Аталған тақырыптар төңірегінде өз тәжірибелерімен бөлісіп, шараның нәтижелі өтуіне атсалысқан әріптестеріміздің қатарында "Тарбағатай ауданы бойынша білім бөлімі" ММ әдіскері Г.С.Шектыбаева, "Риддер қаласы бойынша білім бөлімі" ММ әдіскері І.М.Советхан, "Жаңаталап орта мектебі" КММ директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Т.Кесенбаева, "С.Көбеев орта мектебі" КММ директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.М.Мырзабекова, Өскемен қаласы "№46 орта мектебі" КММ директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Е.Абдрахмановалар бар.
"Қағидамыз - әділдік, тірегіміз - жауапкершілік, мақсатымыз - өрлеу" деген мемлекет басшысының сөзін басшылыққа ала отырып, мектептегі тәрбие жұмысын ұйымдастыру тәсілдерін жаңартуға арналған семинар нәтижесінде қатысушылар "Біртұтас тәрбие" бағдарламасының жаңартылған мазмұнын талдау, құндылықтар жүйесін оқу-тәрбие процесіне интеграциялау тәсілдерін анықтау, аталған бағдарламаның жылдық жоспарын әзірлеу, мемлекеттік органдармен бірлескен жұмыс түрлерін жоспарлау, өңірлердегі педагогтерге түсіндіру жұмысының бағдарламасын әзірлеу сияқты ауқымды жұмыстарды атқарды. Сондай-ақ педагогтерге тәрбиеде құндылықтарды қалыптастыру жолдары, оқыту мен дамыту, сыныптан тыс қызметтер бойынша ұсыныстар берілді.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив