Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
"Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7232) 57-03-13
Есепші бөлімі:
+7(7232) 74-12-12
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Дәстүрлі аймақтық ғылыми конференциялар табысты болды
15
апрель
2024

Дәстүрлі аймақтық ғылыми конференциялар табысты болды

ШҚО ББ «Өскемен қаласы бойынша білім бөлімі» ММ, ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Оқу-зерттеу экобиоорталығы» КМҚК ұйымдастыруымен 2024 жылдың 28 наурызында мектеп оқушыларының дәстүрлі аймақтық экологиялық-биологиялық конференциясы, 29 наурыз күні «Экологиялық білім беру және ағарту жүйесіндегі өңірлік компонент-2024» дәстүрлі XXIII аймақтық жаратылыстану-ғылыми педагогикалық конференциясы өтті. Бұл конференцияға құрметті қонақ әрі әділқазылыққа төраға ретінде ШҚО білім басқармасы, Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі» КММ география пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші, жаратылыстану ғылымдарының магистрі Демчинов Кадрбек Кабдылмуликович шақырылды. Педагогтер мен ғылымға құмар шәкірттерге арналған екі күнгі конференцияда көптеген құнды да қызықты баяндамалар тыңдалып, бағаланды. Конференцияда тәжірибелі ұстаз Кадрбек Кабдылмуликович әділ-қазылыққа төрелік қана жасап қоймай, шәкірттер мен олардың ғылыми жетекшілері болып келген педагогтерге әдістемелік ұсыныстар мен конференция ұйымдастырушыларына құнды ойларын айтып бөлісті. Конференция аяқталып, қорытынды шығарылған соң, Кадрбек Кабдылмуликовичтің екі күн бойы шығармашылықпен атқарған еңбегі жоғары бағаланып, Шығыс Қазақстан облысы ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Оқу-зерттеу экобиоорталығы» КМҚК директоры Цыганов А.П, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Шығыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының директоры Жұманова Г.С және ШҚО білім басқармасы ММ басшысы И.А. Чернышёвалардың атынан алғыс хаттармен марапатталды.




Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив