18
январь
2024
2024 жылдың 17 қаңтар күні Қазақстан-Американ еркін университетінің «ашық есік күні» болды. Оған лицейіміздің 11 сынып оқушылары қатысты
2024 жылдың 17 қаңтар күні Қазақстан-Американ еркін университетінің «ашық есік күні» болды. Оған лицейіміздің 11 сынып оқушылары қатысты.Мерекелік шараны КАЕУ университетінің вице-президенті Байкенев Жасұлан Ерболұлы құттықтау сөзімен ашты. Білім алушыларға парақшалар таратылды. Келесі кезекте әр мектептің оқушыларынан 4 топ құралып, оқушылар әр түрлі станцияларға тоқтап мамандыққа байланысты сұрақ-жауап ойынын ойнады. Таратылған парақшадағы номерге сәйкес ұтыс ойыны ойнатылып, білім алушылар түрлі сыйлықтармен марапатталды.