04
декабрь
2023
17 қараша күні еліміздің барлық мектептерінде “9 ай-9 іс-шара” жобасы аясында “Асық ату” челленджі өткізілді.
"Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі" КММ Бүгін 17 қараша күні еліміздің барлық мектептерінде “9 ай-9 іс-шара” жобасы аясында “Асық ату” челленджі өткізілді. Атаулы күні лицейіміздің барлық қабаттарында оқушылар асық ойынының түрлерін ойнады. Мақсаты: Ұлтымыздың ұмытылып бара жатқан ойынын жаңғырту, бабаларымыздың ойыны туралы түсінік беріп, қызығушылық ояту. Асық ойнату арқылы балаларды дәлдікке, мергендікке, ептілікке, жеңіске деген құштарлыққа, әділдікке, ұлтымыздың құндылықтарын құрметтеуге баулу. І ауысым оқушылары толықтай қамтылды. Лицей оқушыларына асық ойынын ойнау қызығушылық тудырып, болашақта да ойын түрін ойнауды жалғастыратындарына сенімдіміз!
#біртұтас тәрбие
#тоғызай_тоғыз_іс-шара
#біртұтас тәрбие
#тоғызай_тоғыз_іс-шара