18
октябрь
2023
25 қазан- Тәуелсіздік күніне арналған 8-«В» сыныбында «Мәнгілік жаса, қыран елім Қазақстаным!» тақырыбында сынып сағаты өтті.
25 қазан- Тәуелсіздік күніне арналған 8-«В» сыныбында «Мәнгілік жаса, қыран елім Қазақстаным!» тақырыбында сынып сағаты өтті. Сынып сағатының мақсаты: Оқушыларды өз Отанын сүйюге, қазақ екенін, Қазақстанда тұратынын мақтаныш етуге, туған халқының тілін, мәдениетін, салт-дәстүрін қадірлеуге баулу. Республика күні 25 қазан-ұлттық мерекені сезініп, қастерлейтін саналы да парасатты азаматтар тәрбиелеу. Елін, Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеуге, өз елін, тегін, тарихын білуге тәрбиелеу. Оқушылар қазақ халқының тарихына байланысты бейнежазба тамашалап, туған жерге арналған жыр шумақтарын оқыды. Сонымен қатар «Тәуелсіздік -тұғырым» атты тақырыпта эссе жазды. «Тәуелсіздк» сөзіне синквэйн және топтастыру әдісімен тапсырма орындады. Тақырыпқа арналған постерлер қорғады. Республика күніне арналған сынып сағатына оқушылар жоғары белсенділікпен қатысты.
Сынып жетекшісі: Мамырханова М.М.
Сынып жетекшісі: Мамырханова М.М.