14
сентябрь
2023
4- сынып жетекшілері оқушыларын қаламыздағы ұлт жазушысы Оралхан Бөкей атындағы кітапханаға апарып қайтты
«Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі» КММ
Көрнекті жазушы Оралхан Бөкей бір сөзінде: «Адамға ауа қандай қажет болса, кітапхана да сондай қажет» деген еді. Сондықтан 4- сынып жетекшілері оқушыларын қаламыздағы ұлт жазушысы Оралхан Бөкей атындағы кітапханаға апарып қайтты. Оқушылар Оралхан Бөкейдің 80 жылдығына орай кітапханашының жазушы туралы айтқан әңгімелерін тыңдап, білім-танымдарын көтеріп қайтты. Кітапханашылар кітапхана ішіндегі бөлмелерді аралатып, жаңа басылымдармен таныстырды, балаларды кітапханаға жаздыртып, жиі келіп тұрыңдар деген ізгі тілектерін білдірді. Жалпы бүгінгі кітапханаға жасалған саяхат балаларға өте ұнады.
4-сынып жетекшілері