12
май
2023
10 - "М" сынып оқушылары бос уақытын тиімді әрі пайдалы ұйымдастыруда
"Оралхан Бөкей атындағы #44 лицейі" КММ
10.05.2023ж Оқушылардың бос уақытын тиімді әрі пайдалы ұйымдастыру мақсатында 10 - "М" сынып оқушылары сынып жетекшісімен Өскемен қаласының орталығындағы Этноауылға саяхатқа бардық. Демалыс кезінде оқушылар түрлі ойындар ойнап, саябақ ішін аралап шықты. Табиғат аясында өткен отырыс көңілді әрі қызықты болды. Қыздарымыз дәмді астарын әкеліп, таза ауада дәмді тамақтандық. Мұндай отырыстар уақытты тиімді пайдаланып, өзара сыйластық пен ынтымақтастықты арттырады.
Еліміздің болашағы жастардың қолында болғандықтан жастардың тәрбиесі мен білімі әрқашан бірінші орында тұратыны сөзсіз. Оқушыларға сапалы біліммен қатар саналы тәрбие берудің маңызы өте зор. Лицейіміздің оқушылары әрқашан өздерінің жан-жақты білімдерімен, тәрбиесімен ерекшеленеді. Біліммен қатар оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыра білудің де алатын орны үлкен. Әрбір оқушының бос уақытын тиімді ұйымдастыру бұл- оқушылардың бір-біріне деген мейірімділік, қайырымдылық пен ізгі қасиеттерін бойына қалыптастырады. Мұндай ізгі шаралар әлі де өз жалғасын таба бермек.
Сынып жетекшісі: Қ.Б.Шуленова