26
апрель
2023
Лицейіміздің жас маманы, айтыскер ақын Маратбекова Жұлдызай «Қош келдің, Ораза айт!» атты аймақтық ақындар айтысына қатысып, жүлделі ІІ орынды иеленді

«Оралхан Бөкей атындағы №44 лицей» КММ
23.04.2023 ж. лицейіміздің жас маманы, айтыскер ақын Маратбекова Жұлдызай «Қош келдің, Ораза айт!» атты аймақтық ақындар айтысына қатысып, жүлделі ІІ орынды иеленді. Жүлде қоры 200 000 теңгені құрайтын сертификатпен марапатталды. Бұл айтысқа ШҚО, Абай, Павлодар, Жетісу облыстарынан жалпы саны 12 ақын қатысты. Сөзге шешен, қиыннан қиыстырар, суырып салма ақындар арасындағы бәйгеде оза шапқан Жұлдызайды жеңісімен құттықтаймыз! Айтыс сахнасында жұлдызды сәттері көп болсын деп тілейміз!