03
март
2023
1 наурыздан – 31 мамыр аралығын қамтитын «Жүректен жүрекке» қайырымдылық акциясы басталды.
«Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі»КММ
1 наурыздан – 31 мамыр аралығын қамтитын «Жүректен жүрекке» қайырымдылық акциясы басталды. Бұл игі шара көпбалалы, аз қамтылған және ата-ана қамқорлығынсыз қалған отбасы балаларының арман-тілектерін орындауға арналған. Демеушілік көрсетемін деген мейірімді жан баланың тілек хатында жазылған қажеттілігін өтеуге ат салысады. «Жерде бір бала қуанса, көкте мың періште шаттанады» демекші, балаларға қуаныш сыйлауға асығайық!!!
«Жүректен жүрекке» акциясының мақсаты – ШҚО-да тұратын ата-анасы мүгедек, отбасылық табысы күнкөріс деңгейінен төмен, ата-ана қамқорлығынсыз қалған, басқа да қорғалмаған санаттағы және ерекше білім беру қажеттілігіне мұқтаж тұлғаларға, көпбалалы отбасынан шыққан балаларға демеушілік көрсете отырып, олардың арман-тілектерін орындау. Сондай-ақ, ортақ күш салуды біріктіре отырып, әрбір азаматты қайырымдылық жасауға тарту.
ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖАСАСАҢ, ҚАЙЫРЫН ӨЗІҢ КӨРЕСІҢ!
Акцияға қатысуға ниет білдірсеңіз, төмендегі нөмерге хабарласуларыңызға болады.
Әлеуметтік педагог: Советова Мейрамгуль Ергазыкызы
Байланыс телефоны: 8-771-353-33-93