27
январь
2023
"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында "10 минуттық кітап оқу" бойынша 6 "а" сыныбымен Қ.Қайсеновтың "Жау тылындағы бала" шығармасы таңдап алынып, пән м
"О.Бөкей атындағы №44 лицейі" КММ лицейіміздегі "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында "10 минуттық кітап оқу" бойынша 6 "а" сыныбымен Қ.Қайсеновтың "Жау тылындағы бала" шығармасы таңдап алынып, пән мұғалімі сынып оқушыларымен бірге оқып шықты. Жерлес батырымыз, қазақтың мақтанышы, бір туар азамат Қ. Қайсеновтың бұл шығармасын оқушылар қызыға оқып, өз ойларымен бөлісіп, сұрақтар қойып, бас кейіпкердің жанкештілігін таңдана талқылады. Жас ұрпақты отансүйгіштікке, ел қамын ойлайтын елжандылыққа тәрбиелеуде аталған шығармалардың алар орны ерекше!