25
январь
2023
Желтоқсан құрбаны Сабира Мұхаметжанова және Әлімхан Әбдыхалықовты еске алуға арналған спорт түрлері бойынша турнир өтті.
2023 жылдың 21 қаңтарында ШҚО Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі»КММ «Желтоқсан құрбаны Сабира Мұхаметжанова және кісен үзген желтоқсаншы Әлімхан Әбдыхалықовты» еске алуға арналған қол күрес және үстел тенис спорт түрлері бойынша турнир өтті. Әр жыл сайын дәстүрге айналған еске алу турнирі қызықты да, тартысты өтті. Бұл шара мектептер арасындағы ынтымастық қарым-қатынасты орнатуға үлкен үлес қосты. Турнирдің соңында ЖМК ықшам ауданы ардагерлер кеңесінің төрағасы Әлібек Нұрмағамедов атамыз өз қарсыластарынан дара шыққан оқушыларды жүлделі орындармен марапаттап, ақшалай сыйлықтар табыстады.