20
декабрь
2022
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында "Оқушылардың әдеби шығармашылығы" атты көрме ұйымдастырдық. Оқушылардың кітапқа байланысты 27 еңбектерін жинастыр
"Оралхан Бөкей атындағы № 44 лицейі" КММ
Мысалы: 4 «а» сынып оқушылары Айдосқызы Айзере Б.Соқпақбаевтың «Балалық шаққа саяхат» әңгімесіне сурет және кітап макетін жасаса, Кенжебаева Ботакөз «Ер Төстік пен айдаһар» ертегі туралы кітабының макетін және суретін салды.
4 «г» сынып оқушылары Кенжехан Айбар мен Оразбек Жәңгір «Менің атым Қожа» шығармасы бойынша кейіпкер бейнесін сомдады.
7 «б» сынып оқушысы Абдихадир Сафинур кітап парақтарынан жасалынған тамаша қолөнер еңбектерін тапсырды.
Жалпы 12 сынып қатысты, оның ішінде 4г-3 , 4а-2 , 3а -3, 2г-4, 3в-3, 9ж-2 еңбектен өткізсе, 1 жұмыс тапсырған сыныптар: 4в, 5а,6г,7а,7б,7в.
Көрмеге ат салысқан сынып жетекшілер мен оқушыларға көп рақмет айта отырып, шәкірттерінің өнерлері әрқашан үстем болсын демекпіз.
Балаларымен бірге уақыттарын бөліп, мынандай керемет туындылар жасауға көмектескен ата-аналарға алғыс білдіреміз.
Кітапханашы Омарханова Б.Ж.