18
январь
2022
ШҚО білім басқармасы "Шығыс" өңірлік орталығымен бірлесе "Эстетикалық бағыттағы пәндерді оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері" тақырыбында лицейімізде семинар өтті.
"Оралхан Бөкей атындағы №44лицейі" КММ ШҚО білім басқармасы "Шығыс" өңірлік орталығымен бірлесе "Эстетикалық бағыттағы пәндерді оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері" тақырыбында лицейіміздің оқу ісінің меңгерушісі: Садыкова Нуржамал Ануарбековнаның ұйымдастыруымен облыстық онлайн семинар өткізілді. Модератор: Коржиспаева Жанаргул Максутовна ШҚО ББ "Шығыс" ӨО оқыту мазмұны және білім сапасын мониторингілеу кабинетінің әдіскері. Семинар аясында дамыту кафедрасының жетекшісі Альханова Ж. Р., дене шынықтыру пәні мұғалімі Мухажанова М. А., көркем еңбек пәні мұғалімі Молдашева Б. А. өз іс-тәжірибесімен бөлісті. Семинарға 100 ден аса мұғалімдер қатысып, жоғары баға беріп, білім қоржындарын толықтырды