06
декабрь
2021
«Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі»КММ
«Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі»КММ.Лицей логопедінің ата-аналарға арналған кеңесі. Бала сөйлеу тілінде с және ш дыбысын анық айта алады. Бірақ кей жағдайда ауызша сөйлеу тілінде с дыбысы бар сөздерде ш дыбысын айтып немесе керісінше ш дыбысының орнына с дыбысын айтып алмастырады. Мысалы: сабын-шабын, шыбын-сыбын және т.б. Сол үшін ата-аналарға үй жағдайында баланың с және ш дыбысын ажыратып үйренуі үшін арнайы жаттығулар мен тапсырмаларды орындау ұсынылады.Ол үшін бейнероликтегі «С-Ш дыбысын ажырату жолдары» тақырыбындағы кеңесте берілген жаттығуларды үй жағдайында орындатуға болады.
Логопед: Қабылғани Ш
Логопед: Қабылғани Ш