Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
"Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7232) 57-03-13
Есепші бөлімі:
+7(7232) 74-12-12
Нашар көрушілер
нұсқасы
17
сентябрь
2019

Терроризммен күрес – баршаның міндеті


– Терроризм дегенде алдымен «Қылмыстың артында кім тұр және неге сондай қылмысқа барды?» деген сұрақ туады. Бұл тұрғыда кейбір принциптік мәселелерге мән беруіміз қажет. Біріншіден, сәләфилікке ерушілердің діни сенімі мен ұстанымы біздің қоғам мен мемлекетке қарсы агрессиялық сипатта екені белгілі. Ал адам баласының бойында қалыптасқан мұндай көзқарас түбінде бір теріс іс-қимылға айналуы әбден мүмкін. Елімізде және шетелдерде дін негізінде орын алып жатқан оқиғалар осының айқын дәлелі. Нақтырақ айтсақ, 2011-2012 жылдары Ақтөбе, Атырау және Тараз қалаларында, 2016 жылы Ақтөбе мен Алматыдағы оқиғалар терроризмге негізделген уахабшылдық идеяның нәтижесі. Екіншіден, ғаламтордағы бейнематериалдардан жастардың бойындағы діни агрессия ойланбастан қан төгуге, тіпті өзінің өмірін қиып жіберуге бар екенін танытады. Олардың діни сауаты таяз. Себебі аталған ағымның ерушілері ғана емес, уағызшыларын да діни сауатты деуге келмейді. Себебі оларға пәтуа (нұсқау) беріп, бағыттап отырған белгілі тарап бар және осы тарап қажет кезінде оларды өзінің қолшоқпары ретінде пайдаланады. Мәселен, 2011-2012 жылғы оқиғаларға ешкім танымайтын Әбу Мунзир әш-Шинкити деген шейхтің пәтуасы себеп болған еді. Үшіншіден, еліміздегі басқа сәләфилер бұл оқиғаларды жасаушы топты ДАИШ-пен байланыстырып әлек. ДАИШ-тің теологиялық және діни идеологиясының сәләфилік екенін ешкім жасыра алмайды. Демек діни астар мен идеологиялық база ортақ. Біз сәләфилік ағымға қатысты есебімізден жаңылмау үшін оны назардан тыс қалдырмауымыз керек. Төртіншіден, осы оқиғалар елімізде сәләфилікке қатысты батыл саяси шешім қабылдауға қосымша қатаң негіз болады деп үміттенемін. Біз осы уақытқа дейін сәләфилік идеяға ерушілерді «байсалды және радикалды» деп бөліп келеміз. Ал сол «байсалдылардың» қоғам мен ұлтқа қарсы агрессиялық көзқарастары қай уақытта іс-әрекетке айналатынын білмейміз. Сонымен қатар терроризмнің әлеуметтік-құқықтық және криминологиялық қыры, террорлық бағыттағы қылмыстардың құрылымы мен динамикасы, терроризмнің таралуы мен дамуының себептік-факторлық кешені де бар екенін ескерген жөн.

Қазақстан барлық түрдегі терроризмді қатаң айыптайды және аталған жағымсыз құбылыспен күресте әлемдік қауымдастықтың ұжымдық күш қосуын қолдайды. Мемлекетіміз терроризммен күрес туралы барша 13 халықаралық әмбебап конвенцияларға қосылған. Әлемдегі экстремизм мен терроризмге қарсы күреске белсенді түрде қатысып келеді. Қазір елімізде діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013-2017 жылдарға арналған бағдарлама жүзеге асырылды. Сондай-ақ 2015 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының 70-ші сессиясында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев әлемді соғыс қатерінен арылтатын және оның себептерін жоятын «Жаһандық стратегиялық бастама-2045» жоспарын әзірлеуді ұсынды. Мұндағы мақсат – адамзат дамуы үшін ортақ жауапкершілікті орнықтыру. Халықаралық терроризм мен экстремизмге қарсы тұра алатын бірыңғай әлемдік желі құру мәселесі де көтерілді.

– Жалпы, террорлық ұйымдардың сипаты қандай?

– Терроризм – идеология, доктрина, тіпті жүйелік пікір де емес. Бұл – стратегия. Олар бүкіл әлемді «жақсы» және «жаман» деп екі топқа бөліп, өздерін «жақсы» категориясына жатқызады. Лаңкестік әрекеттерді іске асыру үшін міндетті түрде сценарий дайындап, «а» және «б» жоспарын жасайды. Терроризм жарқын болашақ пен жаңа мүмкіндіктерге үміттендіреді. Бұлыңғыр болса да үнемі саяси мақсат-мүддесі болады. Бұл халықаралық саясаттың бір бөлігі, сол себепті сырттан келетін қолдау арқылы іске асады. Террорлық ұйымдар ең алдымен идеологияларын дамытып, кітап, журнал, әлеуметтік желі және қолдарынан келгенше БАҚ арқылы қатарларын пікірлері сәйкес келетін адамдармен толықтырады. Терроризмнің төркінін бұл күнде Шығыстан, мұсылман елдерінен іздеу кең өріс алып отыр. Оған діни сипат беру қате. Шын мәнінде, терроризмді белгілі бір ұлтпен немесе дінмен байланыстырудың негізі жоқ. Бейбіт тұрғындар өмірін жалмайтын террорлық актілерді жасаушылардың діні, мәзхабы болмайды. Террорлық қимылдарға кез келген ұлттың өкілі, кез келген діннің атын жамылушы безбүйректер бара алады. Өкінішін, кегін, тағдырына мойынұсынбауын террорлық топқа қосылумен ақтағысы келеді. Лаңкестік әрекеттер әлемді дүр сілкіндіруде. Лаңкестікке қарсы күрес жүргізу барысында қауіпсіздік тақырыбының маңызы мен сыртқы саясаттың адам құқықтарына, демократияға, плюрализмге, заң үстемдігіне қатысты маңыздылығын ескеру басты мәселелердің бірі. Еліміз сыртқы күштердің қолдауын тауып отырған террорлық ұйымдардың нысанасына айналмауы үшін халықаралық заңға құрмет көрсететін, рационалды, ұлттық мүддені алға қоятын, бейбітшілік пен достастық қағидаларына негізделген саясат ұстанғаны абзал.

– Еліміздегі террорлық қауіппен күрес нәтижелері қандай?

– Бас прокуратураның ресми мәліметі бойынша, соңғы жылдары сот орындары тарапынан «Әл-Қаида», «Күрд халық конгресі», «Мұсылман бауырлар», «Хизб-ут-Тахрир» сияқты 15-ке жуық теріс ұйымдарға еліміздің территориясында іс-әрекет жүргізуге тыйым салынды. Күрестің негізгі қағидаларының бірі – халықтың қолдауы. Бұл қолдауға ие болу үшін сенімді болу, сенімді болу үшін терроршыларды ұстау, оларды ұстау үшін қолында өкілеттігі мен білімі болуы, қолында өкілеттігі және білімі болуы үшін кәсіби деңгейі мықты болуы керек. Осы керектердің жолында бірігіп күресуге тиіспіз. Қолдауға ие мемлекет лаңкестік және экстремизм сияқты қауіп-қатерге бөгет болып, сүттей ұйыған бірлікті шайқалтуға, ел ішінде туындауы мүмкін бөлінулерге төтеп береді. Сол себепті лаңкестікпен күрес мемлекеттік органдардың ғана борышы емес, әрбір қазақстандықтың міндеті.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив