17
июнь
2025
“Оралхан Бөкей атындағы 44 лицейі” КММ 2025 жыл 17- маусым күні лицей қабырғасынан қанат қаққан түлектер үшін «Жаңа белес-жаңа қадам» атты аттестат тапсыру салтанатты жиыны өтті.
2025 жыл 17- маусым күні лицей қабырғасынан қанат қаққан түлектер үшін «Жаңа белес-жаңа қадам» атты аттестат тапсыру салтанатты жиыны өтті. Жиын барысында лицей директоры Жаңыл Қайырбекқызы 14 «Алтын белгі», 12 «Үздік аттестат», 14 бітірушіге жақсы көрсеткіштердегі аттестаттарын және әр пәндер бойынша мақтау қағаздарын табыстады. Лицейдің белсенді бітіруші түлектері, «Алтын белгі» иегері Ризабекова Камилла мен «Үздік аттестат» иегері Ерланұлы Арсен алтын ұя лицейлеріне жүрекжарды ықыластарын білдіре отырып, білім берген ұстаздарына алғыстарын жеткізді. Осылайша лицей қабырғасынан болашаққа тағы да 40 жас түлек болашаққа қанат қақты. Сәт сапар, жас түлек!