26
май
2025
"Бала құқықтары туралы не білесіз?" акция-челлендж
1 маусым - халықаралық балаларды қорғау күнінің жоспарына сәйкес "Бала құқықтары туралы не білесіз?" атты ақпараттық акция-челленджі өтті. Акция аясында оқушылар мен ата-аналарға бала құқықтары, әртүрлі саладағы қауіпсіздік ережелері, сондай-ақ ата-ана мен бала арасындағы тиімді қарым-қатынас туралы маңызды мәліметтер қамтылған буклеттер мен жадынамалар таратылды.
Іс-шараның мақсаты — балалардың құқықтық сауаттылығын арттырып, ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін күшейту, отбасындағы сенімді қарым-қатынасты нығайту.
Бұл бастама балаға қолдау көрсету мен қорғаудың маңызды тетігі ретінде жүзеге асты.
Баланың құқығы — қоғамның жауапкершілігі!
#Қазақстанбалалары #БалаларҮні