Қамқоршылық кеңестің мүшелігіне сайлану конкурсының өткізілуі туралы Хабарландыру!
Қамқоршылық кеңестің мүшелігіне сайлану конкурсының өткізілуі туралы
Хабарландыру!
Шығыс Қазақстан облысы Білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білімбөлімінің “Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің әкімшілігі Қамқоршылық кеңесінің 2022-2025 жылдардағы өкілеттілік мерзімінің аяқталғанын және 2025-2028 жылдар аралығына кеңес мүшелігіне сайлану конкурсына құжаттар қабылдайтынын хабарлайды.
Қамқоршылық кеңес орта білім беру ұйымдарында, оның ішінде мамандандырылған және арнайы білім беру ұйымдарының (бұдан әрі – білім беру ұйымы) дамуына ықпал ететін және білім беру ұйымдардың қызметіне қоғамдық бақылауды қамтамасыз ететін алқалы басқару орган.
Шақырылады: осы білім беру ұйымындағы білім алушыларының ата-аналары немесе заңды өкілдері, жергілікті өкілді, атқарушы және құқық қорғау органдарының, үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері.
«Білім беру ұйымдарында Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларына» (ҚР БжҒМ 27.07.17ж. №355 бұйрығы) сәйкес Қамқоршылық кеңес құрамы бойынша ұсыныстар күтеміз. Ұсыныстар хабарландыру шыққаннан кейінгі 20 күн ішінде қабылданады.
Үміткерлер Қамқоршылық кеңесті сайлау және оның құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау туралы хабарламада көрсетілген мерзімде Комиссияға мынадай құжаттарды ұсынады:
1) өтінім (еркін түрде);
2) үміткердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) қазақ немесе орыс тілдеріндегі түйіндеме;
4) білімі бар екендігі туралы құжаттың көшірмесі (бар болса);
5) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің аумақтық бөлімшелері берген соттылығының және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың жоқтығын растайтын құжаттар.
Үміткерлер өздерінің кәсіби (немесе) қоғамдық қызметі туралы қосымша мәліметтер ұсынады.
Қабылдау бөлімі тел: 8(7232) 61-15-25
Электрондық адрес:44_mektep_oskemen@vko.edu.kz
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Князбаева М.Б. 87785416229