Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
"Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7232) 57-03-13
Есепші бөлімі:
+7(7232) 74-12-12
Нашар көрушілер
нұсқасы
» 2023 жылға арналған мемлекеттік қызметтерді көрсету есебі.
31
март
2024

2023 жылға арналған мемлекеттік қызметтерді көрсету есебі.

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
«Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі» КММ
2023 жылға арналған мемлекеттік қызметтерді
көрсету есебі.

1. Жалпы ережелер
1) Көрсетілетін қызметті беруші туралы ақпарат.
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі» КММ
2) Мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат:
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығын орындау тәртібі бойынша (Қазақстан Республикасының ЦДИАӨМ-ы, 25.11.2021 ж. 407/НҚ) мектепте тегін негізде 6 мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі:
- Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау – 1;
- Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттар қабылдау – 1;
- Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау – 1;
- Негізгі орта, жалпы орта білім беру туралы құжаттардың телнұсқаларын беру – 1;
- «Жалпы білім беретін мектептердегі оқушылар мен оқушылардың жекелеген санаттарын тегін және жеңілдетілген тамақпен қамтамасыз ету» -1;
-Аз қамтылған отбасылардағы балалардың қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерге демалуы үшін құжаттар қабылдаужәне жолдама беру»-1.
3) Ең танымал мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат.
2023 жылы ең танымал мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат.
- Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау – 172;
- Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттар қабылдау – 3;
- Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау – 80;
- Негізгі орта, жалпы орта білім беру туралы құжаттардың телнұсқаларын беру – 4;
- «Жалпы білім беретін мектептердегі оқушылар мен оқушылардың жекелеген санаттарын тегін және жеңілдетілген тамақпен қамтамасыз ету» -181;
- Аз қамтылған отбасылардағы балалардың қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерге демалуы үшін құжаттар қабылдаужәне жолдама беру»-53.
2. Қызметті алушылармен жұмыс
1) Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.
Мектептің сайтында барлық мемлекеттік қызметтердің ережелері мен стандарттары жарияланған.
2) Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді актілердің жобаларын қоғамдық талқылау туралы ақпарат.
2023 жылы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді актілер жобаларын қоғамдық талқылаулар өткізілген жоқ.
3) Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндірме жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбаттар және т.б.).
Қызметті алушыларға мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпараттандыру бойынша 32 түсіндіру іс-шарасы жүргізіліп, 1246 адам қамтылды.
3. Мемлекеттік қызметтерді көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі іс-шаралар
1) Мемлекеттік қызметтерді көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.
«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі 2023 жылғы 1 сәуірден бастап ҚР Министрлігінің бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым 08.07.2023 № 564бұйрық. «Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қағаз нұсқада қабылданды.
2023 жылдың 1 сәуірі мен 1 тамызы аралығында мектеп бойынша 129 бала қабылданды.
«Электрондық үкімет» порталы арқылы 6 мемлекеттік қызмет толық автоматтандырылған. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табады.
2) Қызметкерлердің мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.
2023 жылы мемлекеттік қызмет көрсету саласында біліктілігін арттыру курстарынан өткен қызметкерлер жоқ..
3) Мемлекеттік қызмет көрсету процестерін нормативтік-құқықтық тұрғыдан жетілдіру.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мемлекеттік қызмет көрсетуді реттейтін мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді бекіту/өзгерту туралы бұйрықтар жолдады.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау
1) Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат.
2023 жылы қызметті алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымдары тіркелген жоқ.
5. Қызмет алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттануын және тиімділігін арттыру жоспары
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасының тиімділігін арттыру және қызмет алушылардың қанағаттану деңгейінің төмендеуіне жол бермеу шеңберінде мектебіміз мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша түсіндірме-ақпараттық іс-шаралардың санын көбейтуді, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылауды жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Тұрақты түрде нормативтік құқықтық құжаттармен танысып отыру. Мемлекеттік қызмет көрсететін қызметкерлерді біліктілік арттыру курсына жіберу.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив