18
декабрь
2019
Тәуелсіздік күніне арналған «Жасай бер, тәуелсіз Қазақстаным!» атты концерт
13-желтоқсан күні лицейімізде Тәуелсіздік күніне арналған «Жасай бер, тәуелсіз Қазақстаным!» атты концерт болып өтті. Лицей директорының міндетін атқарушы Садыкова Нуржамал Ануарбековна концертке келген қонақтарды, ата-аналарды және лицей оқушыларын айтулы мерекемен құттықтап, ерекше жетістікке жеткен лицей қызметкерлерін мадақтады. Концерттің шымылдығы оркестрдің орындауында «Балбырауын» күйімен ашылды. Концертте «Жалында» би тобы, «Жұлдыз» өнер мектебінің домбырашылары, лицейіміздің өнерлі ұл-қыздары өз өнерлерін көрсетті.


