Гимнастика бойынша Елғазы Дильназ республика бойынша жүлделі
"Оралхан Бөкей атындағы № 44 лицейі" КММ 2023 жылдың сәуір айында көркем гимнастика бойынша Астана қаласында республикалық және Өскемен қаласында облыстық жарыс болып өтті. Бұл жарысқа 4-"Б" сынып оқушысы Елғазы Дильназ қатысып, республика бойынша жүлделі 1-орынды, ал облыстық сайыста 3-орынды қанжығасына байлады. Сайыскерлердің ішінен оза шапқан Дильназды жеңісімен құттықтай отырып, бұдан да биік белестерді бағындыратын халықаралық сайыстардың жүлдегері бол деп тілейміз. Сынып жетекшісі: Д.М.