Сабақ жоспары » "Оралхан Бөкей атындағы № 44 лицейі"КММ
Коммунальное государственное учреждение
Лицей №44 имени Оралхана Бокея
"отдела образования по городу Усть-каменогорску "
управления образования восточно-казахстанской области
Қабылдау бөлімі:
+7(7232) 57-03-13
Бухгалтерия
+7(7232) 74-12-12
Версия для
слабовидящих
03
январь
2019

Сабақ жоспары

Ахметбаева Бакытгуль Кадылбековна,
                                  Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы,
                                  «отдела образования по городу Усть-каменогорску »,
                                         Биология және химия пәні мұғалімі,
                              Жоғары санатты
                                     Эл. адрес: Axmetbaeva @list.ru
                                     Ұялы телефон номері:   87778561597
Тақырыбы: «Ұстаз – ұлық   емес, ұлы  қызмет»
Мақсаты: 
Лицейіміздің директоры Танатқан Қалибекұлымен жақынырақ танысу арқылы адами қасиеттерін білу, ұстаз өмірі жайлы сұхбаттасу. Ашық ой-пікір алмасу; оқушыларды көшбасшылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілік: интерактивті   тақта, видео- ролик, презентация, сыныпты  безендіру.
Өткізілу әдісі: сыр - сұхбат, кездесу, пікір  алысу.
Барысы:
I.Мұғалімнің алғы сөзі
-Құрметті оқушылар, қадірменді қонақтар, бүгінгі сыр - сұхбат кешіне қош келдіңіздер!
«Сыр -сұхбат» ашық алаңының қонағы
 Ұстаздардың ұстазы, білікті маман, іскер басшы, ұлағатты ұстаз, лицейіміздің директоры Түменбаев Танатқан Қалибекұлы. 
-Жақсы басшы анық нұсқаулар береді және қол астындағылардың проблемаларға төтеп бере алулары үшін, жігерлі әрі батыл болуларына көмектеседі.
ІІ.Бізбен бірге бір қадам АЛҒА,    Біздің сынып жайлы бірер сөз……
Лицейіміздің бір кішкене бөлшегі 5 «Г» сыныбында 14 ұл, 15 қыз бала оқып-білім алуда. 
Сыныптағы: 8 қыз бала, 1 ұл бала -  би үйірмесіне, 3 бала- домбыра, 15 оқушы- заман талабына сай ағылшын курсына барса, 3 оқушы –дзюдо, 2- оқушы жеңіл атлетика және 1 оқушы үлкен теннис үйірмесіне   барады. 
Сүйікті оқушыларымыз білімді, өнерлі, спортта да алда.
Интерактивті тақтадан фотосуреттер көрсетіледі.
Білім мен сүйіспеншіліктің тоғысқан мекені 5 «Г» сыныбындағы соңғы жаңалықтар:  (қыркүйек, қазан) 
Интерактивті тақтадан фотосуреттер көрсетіледі.
ІІІ. Мектеп - Ата-ана - оқушы
Балаңызға жасалған қамқорлық- болашақ кепілі
Белсенді, жанашыр, бар байлығымыз балаларымыз үшін  деген мақсатпен жүретін біздің сынып ата-аналары
ІҮ. Сізге қояр сауалдарымыз…….
  Оқушылар мен ата -аналардың  сауалдары,сұрақтары:
- Балалық  шағыңыз  туралы   айтып  берсеңіз. Қайтадан  бала   болуды  армандайсыз  ба?
-Атыңызды   кім  қойған? Оның  мағынасы   бар  ма?
-Дос  пен  жолдастың   айырмашылығы  бар  ма ?
 - Бала  кезіңіздегі   ерекші  қызықты  оқиға   жайлы  айтсаңыз.
 - Туған жер сізге несімен ыстық? 
 - Сіз  үшін   өмірдің  маңыздылығы  не?
 - Алғашқы  ұстазыңыз, мектебіңіз  туралы   айтсаңыз ?
- Не   себептен  осы  мамандықты   тандадыңыз ?
Мұғалімнің  сұрағы:
-Ұстаз, ана, басшы   үшеуінің  айырмашылығы?
Кезекті  сұрақ...
 - Ең алғашқы жұмыс күніңіз есіңізде ме ? Несімен есте қалды ?
- Оқыған   жақсы  ма, әлде  оқытқан   жақсы ма?
- Қандай  тамақты  ұнатасыз?
- Біз   сізді  тамақ  жасауды, бау - бақшада  жұмыс   істегенді  жақсы  көреді   деп  естідік. Сол  жайлы   айтсаңыз.
-Қандай кітап оқисыз, сізге қандай кітаптар ұнайды?
Кезекті  сұрақ...
- Кішкентай   кезіңіздегі  арманыңыз?
  - Мамандық  таңдауды  кішкене   күннен  ойлау  керек   дейді      
ұстаздарымыз.   Сіз  балаларыңызға  мамандық   таңдауға  көмектестіңіз  бе?   
- Кішіпейілділікті   қалай  түсінесіз? Кешірімді, кішіпейіл  қалай      
болу  керек?
- Кітап   оқуды  неше  жасыңыздан   бастадыңыз? Кітап  неге    
үйретеді?
100 пайыз  жауапкершілік- Жеңімпаздардың басты қасиеті
Ү. Ұстаз жайлы мақал –мәтелдер
  • Құрметті  балалар, көңіл – күйлерің  қалай? 
  • Қадірменді   қонағымызды  тағы  қошеметтеп   қояйық.
  • Енді  экранға  назар   аударыңыздар!
ҮІ. Тапсырма айдары
Ашық алаң қонағына тапсырма берілді.  Түрлі-түсті қағаздан ою ойылды. (қағаз қиығын қалдырмай, оқушыларды үнемділікке тәрбиелеу )
Мұғалімнің  сөзі:
Осы  сұхбат  барысында оқушылар  көп   сұрақ  қойды , сол  сұрақтардың   ішінен  ең  қызық ,   ең ұтымды сұрақ  қойған  балаға   мына  кітапқа  тілек   жазып, өз  қолтаңбаңызбен  табыс   етуіңізді  сұраймын.( Бекқалиев Әділге Қалың елім қазағым кітабы қолтаңбамен сыйға тартылды)
Құрметті   Танатқан Қалибекұлы , осы   сұхбат  барысында  сіз   қандай  көңіл - күйде  отырғаныңызды   білгіміз  келеді. 
-Смайликтер арқылы кештен алған әсеріңізді ,   сіздің  көңіл – күйіңізге  сәйкесін   тауып, мимикамен  бейнелеп  берсеңіз.
- Рахмет!
Қонақтың   оқушыларға  айтар  тілегі.
Мұғалімнің    қорытынды   сөзі:
-Көшбасшылықты дамытудың бір жолы сыни тұрғыдан ойлану.
 Сын тұрғысынан ойлану шығармашылыққа жетелейді.
- Көшбасшы – жол таба білетін, өзгелерге жол көрсете алатын, өзіне жүктелген міндетті сезіне білетін, ауыртпашылығына төзе білетін тұлға.
- Қалай ?  дегенді білетін адам ылғи жұмыс тауып алады, ал, не үшін? дегенді білетін адам оның басшысы болады –дейді  
- Жауапкершілік     
 -Табандылық      рухани бай сенімді   шыдамдылық     іскерлік     алғырлық      қызығушылық    еңбекқорлық    білімділік    ізденімпаздық    тапқырлық   креативті ойлау    көшбасшылық   белсенді   бәсекеге қабілеттілік   ынтымақтастық   сүйіспеншілік  сияқты  қасиеттерді   оқушылар бойынан көрейік,дарытайық.
-Тілегіңіз   қабыл  болсын! Алтындай  уақытыңызды   бөліп, бізбен  шынайы ой  бөліскеніңіз үшін рахмет айта отырып, шығармашылық  табыс тілейміз.  Және естелікке фотоға түсейік. 
«Сыр сұхат» ашық алаңынан  көріністер....

Похожие публикации:

05 февраль 2018 Әдістемелік кеңес
05 февраль 2018 Наш адрес
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив