«Қалың қалай,оқулық?»
"Оралхан Бөкей атындағы № 44 лицейі" КММ «Мұрагер» мектеп парламенті мен «Жас Ұлан» ұйымының мүшелерімен 08.04.-10.04.2025 аралығында 1-10 сыныптардың оқулықтарының тазалығын тексеріп шықтық. 5, 7-сыныптың оқулықтары 2017 жылы шыққан,биыл 8-нші жыл, ал, 3,8-сыныптың оқулықтары 2018 жылы басылып шыққан, биыл 7-жыл осы оқулықтармен оқып жатырмыз. Оқулықтары қапталмаған, шимайланған оқушыларға ескерту беріп, қайтадан тексеріп шықтық. Мектеп оқулығы әр оқу пәні бойынша білім көзі болып табылады.