28
сентябрь
2024
Алтайдың асқақ жыршысы Оралхан Бөкейдің туылған күніне арналған бүгінгі салтанатты жиын
«отдела образования по городу Усть-каменогорску » КММ
алғашқы құттықтау сөзі лицей директоры Жаңыл Қайырбекқызына беріліп, лицей оқушылары - Мәуір Хақназар, Жанболат Рамина, Тұрсынхан Інжу, Тохтарханова Малика, Кабдыкәрім Нұрай «Мұзтаудың мұзбалағы» атанған жазушы қаламгердің шығармаларынан үзінді оқып, қойылым қойды. Салтанатты жиын соңы Төлеген Айсана мен Қайырбекова Інжудің “Отаным” әнімен аяқталды.
Оралхан Бөкейдің әр шығармасынан туған өлкесіне, Алтайдай асқар тауына, қойдай жуас халқына деген сүйіспеншілігі сезіліп тұрады. Оның әңгімелері өмірді сүюге, табиғат жаратылысының әдемілігін көре білуге үйретеді. Сондықтан алтыннан қымбат жазушының шығармаларын оқыңыздар, Оралханның биігіне қол жеткізіңіздер дегіміз келеді.
Қазақ тілі және әдебиет кафедрасы.