Өскемен қаласындағы Оралхан Бөкей атындағы 44 лицейдің 4 в сынып оқушысымын » "Оралхан Бөкей атындағы № 44 лицейі"КММ
Коммунальное государственное учреждение
Лицей №44 имени Оралхана Бокея
"отдела образования по городу Усть-каменогорску "
управления образования восточно-казахстанской области
Қабылдау бөлімі:
+7(7232) 57-03-13
Бухгалтерия
+7(7232) 74-12-12
Версия для
слабовидящих
» » Өскемен қаласындағы Оралхан Бөкей атындағы 44 лицейдің 4 в сынып оқушысымын
28
сентябрь
2024

Өскемен қаласындағы Оралхан Бөкей атындағы 44 лицейдің 4 в сынып оқушысымын

Менің есімім Дәрия, мен Өскемен қаласындағы Оралхан Бөкей атындағы 44 лицейдің 4 в сынып оқушысымын. Лицейіміздің есімі жерлесіміз жазушы, драматург әрі журналист Оралхан Бөкейдің атында. Бүгін Оралхан Бөкейдің туған күні. Мен биылғы жаздық демалысымды отбасымызбен бірге жазушының туған жері Катон-Қарағай ауданында өткіздік. Сол тамаша күндердің бірінде анам ағам екеуімізді арнайы Шыңғыстай аулында орналасқан Оралхан Бөкейдің туған үйіне, қазіргі мұражай - үйіне алып барды. Ол жерде бізді мұражайшы апай қарсы алып, Оралхан Бөкей жайында көп әңгімелер айтып берді. Оралхан Бөкей таудың ортасында орналасқан, жап-жасыл шалғын шөбі жайқалған, ауасы таза, суы мөлдір керемет жерде дүниеге келген екен. Үйдің іші де аппақ, ауасы кең, тап-таза, жап-жарық. Жазушының өзі қолданған заттары және басқа да көптеген жәдігерлер бар екен. Барлығын көріп, тамашалап, Оралхан Бөкейдің отбасы жайында көп әңгімелер естідік. Жазушының өзі пайдаланған, барлық шығармаларын жазған қылқаламын қолыма ұстап, “Мен де Оралхан атамыздай мықты жазушы болсам” деген арман-тілекті тіледім. Жәдігерлердің ішінде жазушының анасы пайдаланған тігін машинкасы, келі-келісап, айна, тарақ сияқты басқа да тұрмыста пайдаланған барлық заттарын көрдім. Үйдің есік алдында жайқалып биік-биік қарағайлар өсіп тұр. Мен осы саяхатымнан үлкен әсер алдым және сол әсеріммен сыныптастарыммен бөлістім.




Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив