21
май
2024
31 мамыр - саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні
"Оралхан Бөкей атындағы № 44 лицейі" КММ
31 мамыр - саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні
31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні. Бұл дата елімізде 1997 жылдан бері тұрақты түрде аталып өтуде.
Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау, заңсыз қудаланған азаматтардың құқығын қалпына келтіру жұмыстары Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін басталды.
Лицей кітапханасында 6 «б» сынып оқушыларымен «Қасіретті жылдар жаңғырығы» атты кітапханалық сағат өтті. Тарих пәнінің мұғалімі Айтқожин Қайрат 20 ғасырдағы адамзат тарихында бұрын-соңды болмаған ашаршылық туралы және «ұлтшыл» деп айып тағылған Алаш қайраткерлерінің тұтқындалып, ату жазасына кесілгенін әңгімелеп берді.
Кітапханашы Омарханова Б.Ж. қуғын-сүргін кезінде заңсыз қудаланған азаматтар туралы жазылған кітаптармен таныстырды.
Оқушылар қызыға, зейін қойып тыңдап, жазғы демалыста оқуға кітаптар жаздырып алды.
Омарханова Б.Ж.