Дарынды шәкірт - қазақ ұлтының келешегі » "Оралхан Бөкей атындағы № 44 лицейі"КММ
Коммунальное государственное учреждение
Лицей №44 имени Оралхана Бокея
"отдела образования по городу Усть-каменогорску "
управления образования восточно-казахстанской области
Қабылдау бөлімі:
+7(7232) 57-03-13
Бухгалтерия
+7(7232) 74-12-12
Версия для
слабовидящих
» » Дарынды шәкірт - қазақ ұлтының келешегі
17
апрель
2024

Дарынды шәкірт - қазақ ұлтының келешегі

Дарынды шәкірт - қазақ ұлтының келешегі

«Алуан-алуан жүйрік бар, әліне қарай шабады» дейді халық даналығы. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы «Туризм энциклопедиясы» республикалық жас туристер байқауын өткізді. Бұл байқауға ШҚО білім басқармасы, Лицей №44 имени Оралхана Бокея «отдела образования по городу Усть-каменогорску » КММ-нің 10 «М» сыныбының оқушысы Асқарқызы Аянат және 8 «Ж» сынып оқушысы Тоқтаров Нұрислам қатысты. Байқауға еліміздің барлық аймақтарынан сегіз жүзден астам оқушылар қатысты. Сайыс қорытындысы бойынша Нұрислам қатысқаны үшін сертификат иеленсе, Аянат жүлделі 3-орыннан көрінді.
Сондай-ақ оқушылардың өнерлерін қалың бұқараға жариялау мақсатында республикалық «SKILLS ACADEMY» ЖШС әдістемелік орталығы «ЖАС ӨНЕРПАЗ» атты республикалық балабақша бүлдіршіндері мен мектеп оқушыларының өнер байқауы мен Ә.Қастеевтің туғанына 120 жыл толуына орай «БОЯУЛАР ҚҰПИЯСЫ» атты сурет байқауы ұйымдастырды. Өнер байқауына лицейіміздің 10 «М» сынып оқушысы Айдосұлы Әбілмансұр, ал суреттер сайысына 8«Б» сыныбынан Рыспаева Айкерім қатысып, әділ-қазылардың шешімімен екі шәкірт те бас жүлдені жеңіп алды. Бұл шәкірттерге жетекшілік еткен педагог-зерттеуші санатындағы география пәнінің мұғалімі, жаратылыстану ғылымдарының магистрі Демчинов Кадрбек Кабдылмуликович оқушыларды тек білім шыңдарына ғана жетелеп қоймай, олардың өнерлі болуына ерекше көңіл бөлып отырады. Ұстаздың еңбегі де еленбей қалмады. Оқушыларды түрлі сайыстарға қатыстырып, жүлделі орынға ие болуына аянбай үлес қосып, сапалы дайындағаны үшін Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының директоры Р.Шердің атынан жетекшіге Алғыс хат табысталды.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив