23
август
2023
Қадамдары құтты болсын! 1 "Д" сыныбының алғашқы күндерінен бейнеролик ұсынып отырмыз
"Оралхан Бөкей атындағы № 44 лицейі" КММ Лицейімізде алғаш табалдырық аттайтын 1 сынып оқушыларына бүгіннен бастап "Балақай мектебі" жұмысын бастады. Сауат ашу және қолды жазуға үйрету, сөйлеуді дамыту, математика, логика сабақтары ойын түрінде өткізіліп жатыр. Оқушылар бір-бірімен және мектептерімен танысып, көтеріңкі көңіл күймен қайтты. Қадамдары құтты болсын! 1 "Д" сыныбының алғашқы күндерінен бейнеролик ұсынып отырмыз. Сынып жетекшісі: Мухаметрахимова Айнур Есимхановна