«Ғылым таппай мақтанба...» апталығының ашылу салтанатына отдела образования по городу Усть-каменогорску нің 6,7 сынып оқушылары қатысып қайтты. » "Оралхан Бөкей атындағы № 44 лицейі"КММ
Коммунальное государственное учреждение
Лицей №44 имени Оралхана Бокея
"отдела образования по городу Усть-каменогорску "
управления образования восточно-казахстанской области
Қабылдау бөлімі:
+7(7232) 57-03-13
Бухгалтерия
+7(7232) 74-12-12
Версия для
слабовидящих
» » «Ғылым таппай мақтанба...» апталығының ашылу салтанатына отдела образования по городу Усть-каменогорску нің 6,7 сынып оқушылары қатысып қайтты.
14
апрель
2022

«Ғылым таппай мақтанба...» апталығының ашылу салтанатына отдела образования по городу Усть-каменогорску нің 6,7 сынып оқушылары қатысып қайтты.

Ғылым таппай мақтанба...

12 сәуір күні Пушкин атындағы облыстық кітапханада елімізде аталып өтетін ғылыми қызметкерлері күніне және Халықаралық авиация және ғарышкерлер күніне арналған «Ғылым таппай мақтанба...» апталығының ашылу салтанатына отдела образования по городу Усть-каменогорску нің 6,7 сынып оқушылары қатысып қайтты.
Мереке балаларға арналған қызықты қойылымнан басталды, оның барысында кейіпкерлер балаларды ғылымның әртүрлі салаларымен таныстырып, ғылыми тәжірибелер көрсетті.
Қонақтарды ғылыми тәжірибелер, қызықты ойындар мен квесттер күтті. Мысалы, Big Dream қосымшасының көмегімен өткізілген викторина – Күн жүйесінің планеталары бойынша «саяхат» жас зерттеушілерге ерекше әсер қалдырды.
Жаңалыққа жаны құмар білімпаздар үшін, «Ғылымды бағындырған батырлар» атты интерактивті көрме-энциклопедия ұсынылды. Көрмеден ғылым шыңына шыққан әйгілі ғалымдардың өмірі мен еңбектеріне арналған басылымдар, қызықты материалдар орын алды. Дәл осы 12-сәуір күні қазақтан шыққан тұңғыш академик, Қазақстан Ғылым Академиясының тұңғыш Президенті Қаныш Сәтбаев дүниеге келген. Көрмеде ұсынылған М.Сәрсекенің ғалымға арнаған «Қазақтың Қанышы», «Қаныш Сәтбаев», «Дара дарын» және т.б. әдебиеттер оқырманның ерекше қызығушылығын тудырары сөзсіз.
Көрме өте ыңғайлы рәсімделген, ғылымның көрнекті қайраткерлері туралы ақпарат "Мұхтар Әуезов", "Ебіней Бөкетов", "Бела Ахметова", "Зейнолла Қабдолов", "Салық Зиманов", "С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ғалымдары" және т. б. атаулы блоктар түрінде ұсынылған. Сондай-ақ, көрмеден «Қазақстанның ғылымы мен өмірі», «Медицина», «Математика. Информатика.Физика», «Биология және салауаттылық негізі», «География және табиғат», «Физика және астрономия», «Экология и промышленность» және т.б. мерзімді басылымдарды да парақтауға болады.
Мерекелік апталықтың ашылуына қатысушылар ғылым мен ғарыштың ғажайып әлемімен, оның бастауында тұрған адамдармен танысып, олардың үлгісімен болашаққа деген армандары мен өмірге деген сүйіспеншілігін оятты.





Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив