Лицей кітапханасы » Страница 5 » "Оралхан Бөкей атындағы № 44 лицейі"КММ
Коммунальное государственное учреждение
Лицей №44 имени Оралхана Бокея
"отдела образования по городу Усть-каменогорску "
управления образования восточно-казахстанской области
Қабылдау бөлімі:
+7(7232) 57-03-13
Бухгалтерия
+7(7232) 74-12-12
Версия для
слабовидящих
«отдела образования по городу Усть-каменогорску » КММ    лицей кітапханасында 6-сынып оқушыларымен Мұқағали  Мақатаевтың «Үш бақытым» өлеңі бойынша ойтолғау өтті
20
апрель
2021
«отдела образования по городу Усть-каменогорску » КММ лицей кітапханасында
16 сәуір күні Оралхан Бөкей атындағы №44 лицей кітапханасында 6-сынып оқушыларымен Мұқағали Мақатаевтың «Үш бақытым» өлеңі бойынша ойтолғау өтті. Мақсаты: Школьникам Мұқағали Мақатаев туралы мағлұмат беру, өлең мазмұнын түсіндіріп, мәнерлеп оқуға баулу. Өз ойын жинақтап айтуға баулу. Мұқағали жырлары адамға күш-қуат беріп, елімізді, жерімізді сүюге, оларға қашанда қамқор бола білуге тәрбиелейді. Оқушылар өздеріне берілген тапсырмаларын постер жасап қорғап, өлеңдерін мәнерлеп, нақышына келтіріп
«отдела образования по городу Усть-каменогорску » КММ  «Даланың дара ұстазы»
16
апрель
2021
«отдела образования по городу Усть-каменогорску » КММ «Даланың дара ұстазы»
14.04 күні «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында балалар әдебиетінің атасы Ы. Алтынсариннің 180 жасқа толуына байланысты лицей кітапханасында «Даланың дара ұстазы» атты тәлімі мол қалалық кітапханалық танымдық сабақ өткізілді. Ы. Алтынсариннің «Қазақ хрестоматиясы» кітабы бойынша оқушылар мен кітапханашыларға тапсырма беріліп, шығармалары талданып, тәрбиелік мәні ашылып, өлеңдері оқылды. Іс- шара соңында қорытынды жасалып, белсене қатысқан оқушыларға алғыс хат тапсырылды. Танымдық сабақты № 44
«Оралхан Бөкей атындағы №44 лицей» КММ «Оқуға құштар мектеп»
07
апрель
2021
«Оралхан Бөкей атындағы №44 лицей» КММ «Оқуға құштар мектеп»
Кішкентай оқырмандарымызды көркем шығармалар оқуға шақыру, кітап рухани байлық екенін ұғындыру, кітапханашы мен оқырман арасындағы ізгі байланысты жандандыру мақсатында «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында 02.04 күні 2 сынып оқушыларымен «Менің сүйікті ертегім» атты кітапханалық сабақ өткізілді. Школьникам алдын ала ертегі кітаптар таратылып, сол ертегілерді оқу арқылы ой өрістерін кеңейту мақсатында сурет салуға, қол өнері арқылы іс істеуге, эссе жазуға тапсырма берілді. Кітапханада оқыған
«отдела образования по городу Усть-каменогорску » КММ    «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында
05
апрель
2021
«отдела образования по городу Усть-каменогорску » КММ «Оқуға құштар мектеп»
5 "б" сыныбы "Оқырман отбасы" бейнеролигін ұсына отырып, барлық лицей оқушылары мен ата-аналарын кітап оқуға шақырады. Кітап адам өмірінде аса маңызды рөл атқарады. Ол елді, жерді сүюге, талапты кішіпейіл болуға, мейірімділікке, төзімділікке баулиды. Кітап жаман әдеттерден аулақ болуға үндейді. Кітапты біздің қоғамымыздың әрбір адамы күнделікті тұрмысында пайдаланады. Одан ақыл - кеңес, тәлім - тәрбие, үлгі - өнеге алады. Кітап – біздің рухани жан азығымыз. Сынып жетекшісі: Мухажанова Мадина
«отдела образования по городу Усть-каменогорску » КММ    Ата – аналар, сіздер үшін!
05
апрель
2021
«отдела образования по городу Усть-каменогорску » КММ Ата – аналар, сіздер үшін!
Оралхан Бөкей атындағы №44 лицей кітапханасындағы бірнеше топтама бойынша шыққан, балалар әдебиеттерімен ана-аналар таныстырылды. Ата-ана – баланың өміріндегі ең басты ұстаз. Әрбір ата-ана өз перзентінің сауатты, білімді болып өсуін қалайды. Баланы кітап оқуға көбірек баулу және ең бастысы балаларға кітапты сүюге көмектесу ата-ананың парызы. Ата-аналарды балалармен бірге кітап оқуға шақырдық.
«отдела образования по городу Усть-каменогорску » КММ   "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында 5 "б" сыныбының оқушылары барлық оқушыларды кітап оқуға шақырады.
01
апрель
2021
«отдела образования по городу Усть-каменогорску » КММ "Оқуға құштар мектеп"
Кітап рухани байлығымыз. Кітап – адам баласы ақыл-ойынан туған рухани байлықты сақтап, оны ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отыратын, білім және тәрбие беретін құрал. Ол адамзат жасаған ең ұлы кереметтердің бірі, халқымыз кітапты аса құрметтейді. Сондықтан да «Кітапсыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ». Сынып жетекшісі: Мухажанова М.А.
«отдела образования по городу Усть-каменогорску » КММ  «Оқуға құштар мектеп»
29
март
2021
«отдела образования по городу Усть-каменогорску » КММ «Оқуға құштар мектеп»
«Оқуға құштар мектеп» жобасына 6«Г» сынып оқушылары да белсене қатысып ,үш тілде шығармаларды оқыды. Кітап - сенің асып-таспайтын асыл досың. Кітаппен дос болған адамның ой-өрісі кең, сөз мәдениеті жоғары, саналы, жан-жақты болып тәрбиеленері сөзсіз. "Артық білім кітапта, Ерінбе оқып көруге", - деп ұлы ақын Абай жырлағандай ерінбей білім алуға асығайық. "отдела образования по городу Усть-каменогорску " КММ 6"Г" сынып оқушылары баршаңызды кітап оқуға шақырады. Сынып жетекшісі: Серикбаева Г.К
«отдела образования по городу Усть-каменогорску » КММ   «Тәуелсіздіктің болашағы – білімді ұрпақ» атты онлайн платформасы
29
март
2021
«отдела образования по городу Усть-каменогорску » КММ «Тәуелсіздіктің болашағы –
18 ақпан күні «Тәуелсіздіктің болашағы – білімді ұрпақ» атты онлайн платформасы бойынша 10-сынып оқушыларына арналған кітапқа шолу өткізілді. 30 кітаптың ішінде сіздердің оқып, таныс болуға арналған Омарова М. «Көмбе нанның дәмі» драмалық шығарма, Жармағамбетов Т. «Отамалы» шығармасы, Рамазан Д. «Пешене» сахналық қойылымға арналған шығармасы ұсынылды. Осы ұсынылған кітаптар бойынша 26 наурыз күні «Сұрақ - жауап» викториналық ойыны ұйымдастырылды. Аталған шығармаларды толық оқып, бірінші орынды
«отдела образования по городу Усть-каменогорску » КММ   Үлкенге құрмет, кішіге ізет білдіру
26
март
2021
«отдела образования по городу Усть-каменогорску » КММ Үлкенге құрмет, кішіге ізет
Үлкенге құрмет, кішіге ізет білдіру – қазақтың ерте заманнан бері бұлжытпай, қаймағын бұзбай сақтап келе жатқан ата дәстүрі, танымы. Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету қазақ халқының қанына сіңген қасиет. Бұл жан-дүниенің жомарттығы мен адамдық даналықтың, азаматтықтың кемел шағына деген құрмет. Қашанда үлкенді сыйлау, қарияны құрметтеу дәстүрі - қазақ халқының ата салты екені белгілі. 25 наурыз күні, ZOOM платформасы арқылы 8-сыныптары мен лицейіміздің ардагер ұстаздары арасында онлайн
«отдела образования по городу Усть-каменогорску » КММ    «Кітап сенімді серігің» тақырыбында 1- сынып оқушыларын  кітапханамен таныстыру ұйымдастырылды.
25
март
2021
«отдела образования по городу Усть-каменогорску » КММ «Кітап сенімді серігің»
18.03.2021ж «Кітап сенімді серігің» тақырыбында 1- сынып оқушыларын кітапханамен таныстыру ұйымдастырылды. Бүлдіршіндерге кітапхана ережесі таныстырылып, әрқайсысына оқырман формуляры ашылып, кітапханаға тіркелді. Сонымен қоса кітап көрмелері таныстырылды. Оқушылармен әртүрлі ойындар ойнап, мақал –мәтелдер айтудан, өлең оқудан және жұмбақтар шешуден сайыс ұйымдастырылып, белсенді оқушыларға сыйлықтар табысталды.