23
май
2025
“Оралхан Бөкей атындағы 44 лицейі” КММ
2025 жыл 23- мамыр күні лицей қабырғасынан қанат қаққан түлектер үшін «Мектебім, саған мың алғыс!» атты салтанатты жиын өтті.
Салтанатты шара барысында жиын қонақтары Шығыс Қазақстан облыс әкімінің бірінші орынбасары Жақсылық Омар Мұқашұлы, Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің проректоры Ровнякова Ирина Владимировна, Қазақстан-Американдық еркін университеті педагогика және психология кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты Нұрланова Әсем Нұрланқызы жас түлектерге өздерінің ақ жарма тілектерін арнады.
Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің проректоры Ровнякова Ирина Владимировна 11”М- сынып оқушысы Рыспаева Әсемге Шығыс Қазақстан Университетінің «Құқықтану» мамандығы бойынша 4 жылдық білім грантын табыстады.
Жиын барысында лицей директоры Жаңыл Қайырбекқызы белсенді ата-аналарды, жыл көлемінде лицей өміріне белсене араласқан оқушыларды алғыс хаттармен марапаттады.
Ата-аналар тарапынан құттықтаулар айтылыр,ақ бата берілді.
Лицей қабырғасынан ұшқан түлектерге лицей ұжымы мен ұстаздар қауымы алдағы сынақтардан сүрінбей өтіп, лицей абыройын асқақтата берулеріне тілектестік білдіреді.
Ақ жол саған, жас түлек!