Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
"Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7232) 57-03-13
Есепші бөлімі:
+7(7232) 74-12-12
Нашар көрушілер
нұсқасы
“Кёкушин Будокай” каратэсінен болған облыстық 5-ші турнирде 5"Г"сынып оқушысы Муканов Мирас 45 килограмм салмақ дәрежесімен 2 орын иеленді.
05
декабрь
2022
“Кёкушин Будокай” каратэсінен болған облыстық 5-ші турнирде 5"Г"сынып
"Оралхан Бөкей атындағы 44 лицей" КММ 3 желтоқсанда Жекпе- жек сарайында өткізілген “Кёкушин Будокай” каратэсінен болған облыстық 5-ші турнирде 10-11 жас аралығындағы балалар арасында 5 Г сынып оқушысы Муканов Мирас 45 килограмм салмақ дәрежесімен 2 орын иеленді. Мирасты жеңісімен құттықтаймыз! Болашағынан зор үміт күттіретін жас спортшымызға алар асуларың мен бағындырар биіктерің көп болсын дейміз.
3«В»сыныбының үздік оқушысы Төлеубекова Зере  Астана қаласында өткен Халықаралық «DANCE HEROES»  атты би сайысына «MMDanсe» би тобының құрамында болды
05
декабрь
2022
3«В»сыныбының үздік оқушысы Төлеубекова Зере Астана қаласында өткен
"Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі" КММ Білім мен өнерді қатар алып, бойындағы талантын әртүрлі сайыстарда шыңдап жүрген 3«В»сыныбының үздік оқушысы Төлеубекова Зере Астана қаласында өткен Халықаралық «DANCE HEROES» атты би сайысына «MMDanсe» би тобының құрамында қатысып қайтты. Олардың «Дерзкие» және «Оставайся само собой» билері Бас жүлдеге ие болды. Зерені осы жеңістерімен құттықтай отыра, өнерің өрге жүзсін, қанатың талмасын дегіміз келеді. Сынып жетекшісі: К. А. Бекишова
Берікболова Іңкәр өзінің жетістіктерінің нәтижесінде "Қазақстан болашағы" атты республикалық журналға шықты.
05
декабрь
2022
Берікболова Іңкәр өзінің жетістіктерінің нәтижесінде "Қазақстан
Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы "Оралхан Бөкей атындағы N44 лицейі" КММ Лицейіміздің мақтанышы 2"А"сынып оқушысы білім мен өнерді қатар алып жүрген Берікболова Іңкәр өзінің жетістіктерінің нәтижесінде "Қазақстан болашағы" атты республикалық журналға шықты. Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар атанған білімге құштар оқушымыз әлі де талай шыңдарды бағындыратынына біз сенімдіміз. Ата - анаңның үмітін ақтап, биік шыңдардан көріне бер. Келешегің кемел, болашағың жарқын болсын! Сынып жетекшісі:
4"Б"сынып оқушысы Бариев Арлан Қарағанды қаласында өткен хоккейден Республикалық  чемпионатқа қатысып, жүлделі 2- орынды иеленді.
05
декабрь
2022
4"Б"сынып оқушысы Бариев Арлан Қарағанды қаласында өткен хоккейден
"Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі " КММ 4"Б"сынып оқушысы Бариев Арлан Қарағанды қаласында өткен хоккейден Республикалық чемпионатқа қатысып, жүлделі 2- орынды иеленді. Талабыңа нұр жауып, бағындырар биіктерің көп болсын, Арлан! Сынып жетекшісі : Рахимжанова Данара Мусратовна
Республикалық ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңінің қорытындысы бойынша лицейіміздің оқушылары жүлделі 1, 2-орындарға ие болды.
29
ноябрь
2022
Республикалық ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңінің
"Оралхан Бөкей атындағы N44лицейі" КММ 9-11 сыныптар арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңінің қорытындысы бойынша лицейіміздің оқушылары жүлделі 1, 2-орындарға ие болды. Атап айтар болсақ: -тіл білімі(орыс тілі) бағыты бойынша Ә.Байжұманов 1-орынды, Қ.Тлеуханова 2-орынды; -қоршаған ортаны қорғау және адам денсаулығы бойынша Ә.Айдосұлы 2-орынды иеленді. Өздерінің алғырлығы мен білімділігін көрсеткен дарынды оқушыларымыз бен
"Жас дарын"дуэті Намазбек Мұхаммед және Асанқызы Дана"Егемен елімнің ертеңімін" атты Республикалық патриоттық байқауына қатысып 2-ші орын иеленді
17
ноябрь
2022
"Жас дарын"дуэті Намазбек Мұхаммед және Асанқызы Дана"Егемен елімнің
ШҚОББ Өскемен қаласы бойынша "Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі" КММ "Жас дарын"дуэті 4 "А" сынып оқушысы Намазбек Мұхаммед және 4 "Б" сынып оұушысы Асанқызы Дана "Егемен елімнің ертеңімін" атты Республикалық рухани - патриоттық байқауына қатысып жүлделі 2 - ші орынды иеленді.Жас әншілерімізді жеңістерімен құттықтаймыз! Музыка жетекшісі: Альханова Ж. Р
2-«Б» сынып оқушысы Тоқтажан Дарина «Ты, лучше всех!» атты республикалық байқауға қатысып, Бас жүлдені жеңіп алды. Құттықтаймыз!!! Өнерің үстем болсын
08
ноябрь
2022
2-«Б» сынып оқушысы Тоқтажан Дарина «Ты, лучше всех!» атты
“Оралхан Бөкей атындағы 44 лицейі” КММ 2-«Б» сынып оқушысы Тоқтажан Дарина «Ты, лучше всех!» атты республикалық байқауға қатысып, Бас жүлдені жеңіп алды. Құттықтаймыз!!! Өнерің үстем болсын! Әдемі әніңмен, әдемі даусыңмен сахнаның сәні болып жүре бер! Сынып жетекшісі:Далаева Назым Тұрсынқожақызы
«ЖАЗ КІТАППЕН КӨҢІЛДІ!» байқауының «Кітапқұмар жеңімпаз» атанған Төлеубекова Зерені шын жүректен құттықтаймыз!
08
ноябрь
2022
«ЖАЗ КІТАППЕН КӨҢІЛДІ!» байқауының «Кітапқұмар жеңімпаз» атанған
"Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі" КММ Биылғы «Балалар жылына» орай Өскемен қаласының Әкімдігі «ЖАЗ КІТАППЕН КӨҢІЛДІ!» байқауын ұйымдастырған еді. 5 қараша күні сол байқаудың қорытындысы жарияланды. Лицейіміздің 3«В» сынып оқушысы Төлеубекова Зере деп танылып, қала әкімі Жақсылық Омардың қолынан планшет пен кітаптарға ие болды. Зерені осы жетістіктерімен құттықтай отыра, кітаппен достығыңды үзбей, біліміңді шындай бер дегіміз келеді. Сынып жетекшісі: К. А. Бекишова
2"Г"сынып оқушысы Саймбек Төрежан Әсетұлы 2-7 сынып оқушылары арасында өткен Облыстық "Зерде-2022" жобалар байқауына қатысып, жүлделі 2 орын алды.
08
ноябрь
2022
2"Г"сынып оқушысы Саймбек Төрежан Әсетұлы 2-7 сынып оқушылары
« Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі» КММ 2"Г"сынып оқушысы Саймбек Төрежан Әсетұлы 2-7 сынып оқушылары арасында өткен Облыстық "Зерде-2022" жобалар байқауына қатысып, жүлделі 2 орын алуымен құттықтаймыз. Жоба жетекшісі: Даутбекова Н. А. Төрежан оқушымызға алдағы уақытта оқуда озат болып, толағай табыстар мен биік белестерге жете беруіне тілектеспіз!
Лицейіміздің мың бұралған бишісі Төлеген Айсана  Шығыс Қазақстан облыстық VOSTOK OPEN" атты спорттық би сайысынан   2 орын алды.
27
октябрь
2022
Лицейіміздің мың бұралған бишісі Төлеген Айсана Шығыс Қазақстан
"Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі" КММ Лицейіміздің мың бұралған бишісі Төлеген Айсана Шығыс Қазақстан облыстық VOSTOK OPEN" атты спорттық би сайысынан 2 орын алды. Айсананы осы жеңісімен құттықтай отыра, биік белестерден көріне беруіне тілектеспіз. Сынып жетекшісі: К.Бекишова