5-сыныптарда "Жаңару күні - рухани және жаңғыру күні" атты кеш
"Оралхан Бөкей атындағы N 44 лицейі" КММ 19.03.25ж. күні Мақсаты: Ұлттық дәстүрімізді дәріптеу, қазақ халқының салт – дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу. Оқушылар мерекелік ән айтып күй тартып, би биледі. Қазақтың ұлттық ойындары: "Жамбы ату", "Қамшы", "Ою" ойынына қатысып, ептіліктерін көрсете білді. Кеш бата айтылып, бауырсақ таратылумен аяқталды. #наурызнама2025 5-сынып жетекшілері: Калижарова З.Ж., Шуленова Қ. Б., Балгабаева Г.М., Ахауова Ж.А., Оралбекова С.О.