"Оралхан Бөкей атындағы N44 лицейі" КММ 14.05. 2025ж қалалық білім
"Оралхан Бөкей атындағы N44 лицейі" КММ 14.05. 2025ж қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен бастауыш сыныптар арасында "Балдырған" пәндік олимпиадасы өтті. Лицейіміздің 4 "А" сынып оқушылары Қажығұмар Мариям қазақ тілі пәнінен 1-орын, Серғазина Кәусар дүниетану пәнінен 3-орын алып, қалалық деңгейдегі мақтау қағазымен марапатталды. Әр жеңістің артында үлкен еңбек тұр! Білім алу жолында қанаттарың талмай, биікке самғай беріңдер! Сынып жетекшісі: Халидуллина С.И